Кейбір медиа сарапшылар уақыт өте келе жаңа медиа дәстүрлі медианы ығыстырады деп сенеді.

1257018421_1256824192_099

Жаңа медиа 20 ғасырдың басында пайда болған термин болса да әлі күнге дейін жаңа деген атаумен келе жатыр. Себебі медиа технологиялар заманмен бірге дамуда,  ал жаңа медианың ерекшелігі жаңа технологиялар.

Ал, дәстүрлі медиа пайда болғалы қашан. Адамдар алғаш дәстүрлі медианы қабылдаған уақытта дәл қазіргідей пікір таластарға  түсті деп ойлаймын. Себебі жаңа дүниелерді жәй ғана қабылдай салу оңай емес , әрине.

Әлемдік  медиа сарапшыларды қоя тұрып өзіміздің мемлекетіміздегі сарапшылар пікіріне назар аударсақ. Біріншіден, сарапшы деп кімді айтамыз? Интернетте контен жасаушылар ма, әлде журналист-блогерлер ме? Мысалыға, журналист-блогер  Өркен Кенжебектің bag.kz сайтына берген сұхбаты нағыз осы тақырыптың айнасы бола алады. Ол  жаңа медиа дәстүрлі  БАҚ-тың әсерін күшейтуші ғана дейді. Сонымен қатар өзімнің журналист ұстаз Есенгүл Кәпқызымен жасаған сұхбаттарымда да апайым жаңа медиа дәстүрлі медианың дамуының көрінісі деген болатын.

Меніңше де,жаңа медиа дәстүрлі медианың дамуы. Себебі, алғашқ газеттер шыққанда тексттер көп ал суреттер аз болды. Тек жаңалықтарды жазды,ешқандай жарнамалар болған жоқ. Бірте-бірте газеттерге  сарапшылар пікірі  мен ғылыми жұмыстар жарияланды,редакция қызметкерлері көрерменмен байланысу үшін ашық хаттар деген айдарлар ашып оқырмандардың бастан өткен оқиғаларын жаза бастады.  Бүгінгі таңда жарнамалар да беріліп жүр.сонымен қоса газеттің онлайн нұсқаларында жеке пікір қалдыру мүмкіндігіне ие болдық. Бұрынғы кездегідей газетті жоғалтып алсақ қажет материалдарды оқи алмай немесе жолда жүргенде газет оқуға мүмкіндік жоқ емес барлық жағдайға мүмкіндік бар.

Теладидарға назар аударатын болсақ ,алғашында көлемі кішкентай ,қара-ақ түсте көрсетті. Тікелей эфир   бағдарлама немесе жаңалық жүргізіліп жатқан уақытта көрерменмен байланыс жасау болған жоқ. Қазір жаңалықтар айтып отырыпта халық мұң-мұқтажын телефон арқылы айта алады. Теле арналардың онлайн нұсқалары қай жерде жүрсекте қалаған бағдарламамызды көруге өткіп алғандарын қайталап қарауға жағдай жасаған.

Немесе поштаны алсақ. Хат жазу саналы адам пайда болғаннан бастап бар дүниелердің бірі. Хатты сурет арқылы жеткізсе алғашқы адамдар кейін жазуды меңгеріп әр-түрлі амалдармен оны алыс жерлерге жеткізуді ойлады. Кейінірек  тез жеткізудің амалдарын қарастырды. Пошташылар қызмет ете бастады бері келе факс арқылы жібеді. Міне ослылай дамып қазіргі деңгейге жетті. Шет елде жүрген адамдар бір-біріне 3-5 секундта жаңалықтарымен бөліседі.Қажет десеңіз бейнесін көріп отырасыз.

Бұл мүмкіндіктердің барлығы жаңа технологиялардың арқасында жүзеге асырылып отыр. Жоғарыдағы жазылғандарды негізге ала отырып жаңа медиа дәстүрлі БАҚ-ты басады емес жаңа медиа дәстүрлі БАҚ пен бірге дамиды десек қателеспейміз.

Мақсатқа жету жолында

Бүгін Дана үшін ең маңызды күндердің бірі.Себебі  ата-анасының үмітін ақтау үшін және  өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында халықаралық сайыста бақ сынауда.Дана осы күнге дейін көптеген сайыстардың жеңіпазы атанған.Мысалы Астана қаласында өткен “Мың бала” мәдени ағартушылық жобасының бас жүлде иегері, “Менің отаным-Қазақстан” атты Жамбыл облыстық ғылыми жобалар жарысында да бас жүлдеге ие болған жас зерттеуші қыз. Continue reading Мақсатқа жету жолында

Мамандығына адал жан

KH1A7237

Кездесу соңындағы естелік сурет

Өткен аптада журналистикаға маманданып жатқан университет студенттері Қазақстан Ұлттық телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлымен кездесті. Бір жарым сағатқа созылған басқосуда телевизия саласына қатысты қызықты мәліметтер кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын ақпараттық ғасырдың тиімділігі мен маңыздылығы да жан-жақты талқыланды. Ең бастысы, тележургізуші журналистика әлеміне келуі мен өзіндік дара жолын қалыптастырудағы ізденісті еңбегін бүкпесіз ақтарды. Continue reading Мамандығына адал жан

Осылай екен…деп ойлап қалмаңыздар

fbb46c

Бүгін мен қазақша сайттардағы блогтарды біраз ақтарып едім.Негізгі тапсырма kerekinfo.kz-тің блогтарын қарау болатын.Әрине мен оны қарадымда. Сонымен ең қызық болған блог немесе блог тақырыбы “осылай екен”.Менде содан соң ол блогка “аа солай екен бе” деп кірдім.Блоктың тақырыптарының барлығы дерлік қызықты, тіпті оқып үлгере де алмадым. Кез-келген аудиоторияға бағытталған жазбалар бірінен соң бірі мені қарашы деп тұрғой, шіркін! Шамасы блогер өте қызық адам шығар. (біздің Афра сияқты)  Continue reading Осылай екен…деп ойлап қалмаңыздар

Менің әлемім өзгелер үшін

Көктемгі бәйшешекті көрмесең,бұлбұлдың  дауысын естімесең -өмірді қалай керемет дейсің.Ол өмірді қалай жақсы көресің.Әрине, мүмкін емес секілді.Бірақ…. Continue reading Менің әлемім өзгелер үшін

Періште

Арайдың күнделігі

Кез...Келген

Бізде бəрі бар

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

%d bloggers like this: