Мақсатқа жету жолында

Бүгін Дана үшін ең маңызды күндердің бірі.Себебі  ата-анасының үмітін ақтау үшін және  өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында халықаралық сайыста бақ сынауда.Дана осы күнге дейін көптеген сайыстардың жеңіпазы атанған.Мысалы Астана қаласында өткен «Мың бала» мәдени ағартушылық жобасының бас жүлде иегері, «Менің отаным-Қазақстан» атты Жамбыл облыстық ғылыми жобалар жарысында да бас жүлдеге ие болған жас зерттеуші қыз.Ол өзінің білімін одан әрі тереңдеткісі келіп СДУ да өткізіліп отырған INFOMATRIX халықаралық сайыстың іріктеу кезеңіне қатысуда.

Ол өз жобасын басынан өткен оқиғаға негіздеп жасаған.Жоғарыдағы көрсетілген видеодағы кейіпкерлер шынында да оның достары,туыстары екен. Бұл жобаны өзінің жақын досы Тоғжанмен бірге жасаған.Ал Тоғжан бұл сайыстың іріктеу кезеңіне келе алмай Данаға бар жауапкершілікті артсада ол үшін қатты уайымдайтынын айтып досына көп қолдау көрсетуде.

«Анамыз біздің өміріміздің шуағы» атты   бұл бейнебаянды тусіру барысында көптеген қызықты оқиғаларға кезіккен.Ауа-райының қаншалықты суық екеніне қарамастан өз рөлдерін тамаша орындап шыққан достарына айтар алғысы да шексіз.

Оның айтуынша олар 6 ағайынды.Жақында дүние есігін ашқалы отырған кішкентай бауырларын  асыға күтуде.Әжесінің қолында өскен Дана анасын да әкесін де өте қатты мақтан ететінін,олардың әрқашан назарында жүріп,жеке шаруаларына да сабақтарынада қарап үлгеретінін айтып, болашақта өзінің дәл сондай ата-анаға айналғысы келетінін жасырмады.Дананың таудай талабына менде тәнті болдым.Жанарында от лаулаған  жас жеткіншек өзінен кейінгі бауырларына үлгі болып,ата-анасының мақтанышына айналғысы келеді.

Ол өзімен бірге Тараз қаласынан сыйлықтар әкелудіде ұмытпаған. Сөз арасында өзіне-өзі жауапты, заман талабына сай азаматша болғысы келетінін айтып қалды. Соныменқатар бұл жерге ата-анасына ешқандай өтініш айтпастан  жетекшісімен бірге келген екен.Дананың батылдығына қоғамдағы өзекті мәселелерді өзінше қорыта алуына ата-анасы мен мектебінің ықпалы зор.Ендеше Данаға сайыста сәттілік, өмірде үлкен жеңістер тілеймін.

Пікір қалдыру